• Проект — Ведомости Казахстана
  • Размещение рекламы
Понедельник, 20 марта, 2023
Ничего нет :(
Посмотреть все результаты
Ведомости Казахстана
дата основания: 7 мая 2019 года

Основатель и амбассадор

Валерий Самарец (Сурганов)

  • Фермерские ведомости
  • Другие СМИ. Избранное
  • Культурологические ведомости
  • Региональные ведомости
  • Экономические ведомости
  • Инфраструктурные ведомости
  • Международные ведомости
  • Исторические ведомости
Ведомости Казахстана

Актуальные региональные новости на страницах интернет СМИ.

Региональные ведомости

Май ауданында «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабының ашылуы өтті

29/12/2020
в Региональные ведомости
1 мин для чтение
2.2k 44
0
Май ауданында «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабының ашылуы өтті

«Nur Otan» партиясының сайлауалды штабының ашылу рәсімінде сайлауалды үгіт-насихат жұмысының негізгі бағыт бағдарлары айқындалды.

11 желтоқсан қасиетті жұма күні Май аудандық партия филиалының сайлауалды штабының ашылуы болды. Жиынға «Nur Otan» партиясы Май аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Берік Бекқожин, облыстық және аудандық мәслихатқа депутаттыққа кандидаттар, партияның сенім білдірген адамдары, штаб мүшелері, «Jas Otan» жастар қанатының белсенді жастары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Май аудандық штабының  ашылуына арналған жиында бүгінгі басқосудың маңыздылығын түсіндіру үшін  сөз алған «Nur Otan»  партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Берік Бекқожин өз сөзінде:

—2021 жылғы 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалғаны белгілі. Осыған орай, ауданымызда «Nur Otan» партиясы  аудандық сайлауалды штабы құрылды. Осы уақыттан бастап, штаб сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін болады.

Бүгіннен бастап «Nur Otan» партиясының барлық мүшелері сайлауалды үгіт-насихат жұмысына белсене атсалысады.  Елімізде ірі саяси күшке айналған «Nur Otan» партиясы сайлауға қатысты дайындықты ағымдағы жылдың басынан бастап кеткен болатын.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен өткен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпін» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы ұсынылып, партияның ядролық электоратын қалыптастыру үшін партияішілік сайлау праймеризді өткізу туралы тапсырма беруі және осыған орай, ағымдағы жылдың 17 тамызы мен 4 қазан аралығында елімізде ірі саяси оқиға партияішілік сайлау — праймериздің өткізілуі оның дәлелі. Праймериздің мақсаты – Парламент Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшылар анықтау болды.

Праймериз ережесіне сәйкес партияішілік сайлауға біздің ауданнан 36 үміткер тіркеліп, 1 – 4 қазан аралығында өткен партияішілік сайлауда сайлаушылар оларға қатысты өз таңдауларын жасады.

Сайлаушылардың берген дауысына орай үміткерлердің рейтингтік тізімі қалыптастырылып, олардың  ішінен 20 үміткер аудандық партия конференциясында партиялық тізімге еніп,  сайлауалды  үгіт насихат жұмыстарына белсене араласып, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда халық таңдауына ие болу үшін бар күш жігерін жұмсамақ.

Біз расында да халықтың партиясы екендігімізді  дәлелдегіміз келеді. Май аудандық сайлауалды штабы бұл жұмыстың көшбасшысы болып,  партияның халық таңдауына ие болуын қамтамасыз етеді деп сенемін,– деді.

Биылғы сайлау өткен сайлауларға қарағанда өзгерек. Бүгінгі партияластар міндеті осы сайлауда партияның бабы мен бағын баптап, халықтық партия екенін дәлелдейді. Май аудандық сайлауалды штабы осы мақсаттарды жүзеге асыруға толығымен даяр екенідігін хабарлады. Сөйлеушілердің ұсыныс-тілектері ескерілетіндігіне назар аударылатындығын айта отырып, сайлауалды штабының құрамы  таныстырылды.

Штаб құрамына бекітілген азаматтар мен азаматшалар қатарында: аудандық партия филиалының сайлауалды штабының жетекшісі «Nur Otan» партиясы Май аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бекқожин Берік Жанатұлы, аудандық партия филиалының сайлауалды штабының орынбасары Сулейменова Меруерт Жұмағазықызы, аудандық партия филиалының сайлауалды штабының орынбасары «Nur Otan» партиясы Май аудандық партия филиалының есеп және статистика бойынша маманы Тулеубаева Маржан Темірқызы, аудандық партия филиалының сайлауалды штабының мүшесі, партия белсендісі, партия ардагері Өзіханова Гүлнар Еркебайқызы, аудандық партия филиалының сайлауалды штабының мүшесі Құсайынова Мадина Қабзайытқызы, аудандық партия филиалының сайлауалды штабының мүшесі Тлеубаев Ақберен Мұратбекұлы, аудандық партия филиалының сайлауалды штабының мүшесі Бигельдинов Дархан Тасыбайұлы бар.

Штаб құрамы таныстырлғаннан кейін партия филиалының сайлауалды штабы мен қоғамдық қабылдау бөлмесінің дайындығы пысықталды. Онда штаб мүшелері өз пікірлерін білдіріп, әр кезде «Nur Otan» партиясының халықтың  партиясы екенін құрметпен тілге тиек жасады.

Автор:

Региональные ведомостиРегиональные ведомости
Поделиться225Поделиться28Отправить
Предыдущий запись

Системность против популизма: политический сценарий парламентских выборов – Ертысбаев

Следующая запись

Май ауданында Nur Otan партиясы филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмысқа кірісті

Следующая запись
Май ауданында Nur Otan партиясы филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмысқа кірісті

Май ауданында Nur Otan партиясы филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмысқа кірісті

Приоритеты Nur Otan в Успенском районе Павлодарской области

Приоритеты Nur Otan в Успенском районе Павлодарской области

Теледебаты 2: схватка линкора, крейсера и баркасов

Теледебаты 2: схватка линкора, крейсера и баркасов

Nur Otan в районе Магжана Жумабаева в СКО: цены на продовольствие будут стабилизированы

Nur Otan в районе Магжана Жумабаева в СКО: цены на продовольствие будут стабилизированы

Пожалуйста, войдите , чтобы присоединиться к обсуждению
  • Проект — Ведомости Казахстана
  • Размещение рекламы
valeriy.surganov2014@gmail.com

© «Ведомости Казахстана», 2019 Перепечатка материалов только с согласия редакции.

Ничего нет :(
Посмотреть все результаты
  • Фермерские ведомости
  • Другие СМИ. Избранное
  • Культурологические ведомости
  • Региональные ведомости
  • Экономические ведомости
  • Инфраструктурные ведомости
  • Международные ведомости
  • Исторические ведомости

© «Ведомости Казахстана», 2019 Перепечатка материалов только с согласия редакции.

Войдите в свой аккаунт

Забыли пароль?

Заполните форму ниже, чтобы зарегистрироваться

Все поля обязательны к заполнению. Войти

Восстановить пароль

Пожалуйста, введите ваше имя пользователя или адрес электронной почты, чтобы сбросить пароль.

Войти